Белсенді өмір сүру және ауырмау - табиғи тілек. Бірақ әлем денсаулыққа төнетін қатерлерге толы: қоршаған орта, өмір салты, әдеттер және т.б. Біз сізге қауіп факторларын азайтуға көмектесеміз және тегін персоналды кеңес береміз.
Өзіңізді және жақындарыңызды денсаулыққа зиянды факторлардан қорғаңыз.
«Денсаулық» – денсаулыққа келетін зиянды азайту жөніндегі ұлттық қауымдастық.
Қауымдастықтың мақсаты – зиянды азайту тұжырымдамасы арқылы жұқпайтын аурулардың алдын алу және олармен күресу. Осы мақсатқа жетіп, салауатты өмір салты идеясын көпшілікке тарату үшін біз мемлекеттік мекемелердің, жеке компаниялардың және қазақстандықтардың өздерінің күштерін біріктіруге тырысамыз.
Қауіп факторлары
Қазіргі уақытта адам денсаулығына ең үлкен зиян келтіретін мыналар:
Алкоголизм – ауыр ауру, ал алкогольді үнемі тұтыну адам ағзасының барлық жүйелеріне жаман әсер етеді және денсаулықтың ауыр зардаптарына әкеледі.
Алкоголь
ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУ
Соңғы бірнеше онжылдықта халықтың тамақтануы көп өзгерді. Дұрыс емес, үйлесімсіз тамақтану көптеген ауыр ауруларды тудырады.
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ
Эмоциялық және психологиялық бұзылыстар өмір сүру сапасын нашарлатады, мотивацияны төмендетеді және салауатты өмір салтын ұстануға бейілділікті азайтады, эмоциялық салаларға және жалпы көңіл-күйге әсер етеді.
ШЫЛЫМ ТАРТУ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІҢ ЖАНУЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 5 миллионнан астам адам шылым тартудан болатын аурулардан өледі. Шылым тарту – жай ғана жаман әдет қана емес, бұл қауіпті тәуелділік.
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ
Дұрыс емес өмір салты, нашар тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік қолайсыздық салдарынан жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығы талай жақсартуды талап етеді.
ЖЕТКІЛІКСІЗ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК
Физикалық белсенділіктің аздығы – жұқпайтын аурулардың негізгі қауіп факторы және дүние жүзінде ерте өлудің маңыздылығы бойынша 4-ші негізгі себебі.
Алкоголь ішу бауыр аурулары, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, психикалық аурулар мен жарақаттар сияқты 200-ден астам ауруға әкеледі. Дүние жүзінде, 2012 жылғы жағдай бойынша, алкоголь өлім-жітімінің 5,9% және мүгедектікке ұшырауға байланысты жоғалған өмір жылдарының 5,1% құрады. Ерлер (7,6%) әйелдерге қарағанда екі есе дерлік (4%) алкогольмен байланысты өлімге ұшырайды.
Алкоголь
Дүние жүзінде жан басына шаққанда 15 және одан үлкен жастағы адамдар жылына орта есеппен 6,2 литр таза алкоголь ішеді, алайда халықтың тек 38,3%-ы ғана нақты алкоголь ішетіндіктен, бұл сан орташа есеппен ішетіндер арасында таза алкогольдің 17 литріне дейін өседі. Ішімдік ішу түрлері мен тәртіптері әлемнің аймақтары арасында және тіпті олардың ішінде айтарлықтай өзгеше.
Дұрыс тамақтанбау ағзаның өмір үшін маңызды заттардың жеткілікті мөлшерін ала алмауын, артық тамақтануды, артық салмақ пен семіздікті, сондай-ақ дұрыс тамақтанбаудан туындайтын 2-типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт және қатерлі ісіктің кейбір түрлері сияқты жұқпайтын ауруларды қамтиды.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУ
Соңғы бірнеше онжылдықта әлем халқының тамақтануы күрт өзгерді. Бұл негізінен жоғары калориялы және майлы тағамдарға көшумен, үйден тыс тамақтанумен және порциялар мөлшерлерінің үлкеюімен қоса, жемістерді, көкөністерді және жасұныққа бай тағамдарды аз тұтынумен байланысты. Салауатты тамақтануға қол жетімділік, әсіресе табыс деңгейі төмен елдерде азайып барады, сөйтіп адамдар ағзадағы ақауларға әкелетін ультра өңделген, зиянды азық-түлік пен диеталарды көбірек таңдауда.
Адамның эмоциялық және психологиялық күйі бірнеше факторға тікелей байланысты: соматикалық аурулар, интоксикациялар, жарақаттар, әлеуметтік-экономикалық оқиғалар және т.б. Мұның бәрі эмоциялық салаларға және жалпы көңіл-күйге әсер етуі мүмкін.
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ
Жіті және созылмалы психоэмоциялық күйзеліс (стресс), алаңдаушылық пен депрессиялық күйлер, өмірге қызығушылықтың сарқылуы (ӨҚС), өшпенділік пен ашушаңдық жүрек-қан тамырлары ауруларының және басқа да жұқпайтын аурулардың (ЖА) пайда болу және даму қаупін арттыратын негізгі факторлар болып табылады.
Барлық эмоциялық және психологиялық бұзылыстар өмір сүру сапасын нашарлатады, ЖА барысын асқындырады, емделуге деген мотивацияны төмендетеді және салауатты өмір салтын ұстануға бейілділікті азайтады. Ал ең жиі кездесетіні көңіл-күйдің бұзылыстары (аффективті, АБ) – депрессия және/немесе алаңдаушылық.
Шылым тарту – жүрек-қан тамырлары ауруларының, созылмалы респираторлық аурулардың, қатерлі ісік пен қант диабетінің негізгі қауіп факторларының бірі. Шылым тартудан болатын өлім мен еңбекке қабілеттілікті жоғалтудың көпшілігі осы аурулармен байланысты. Кеңірдеріктің, бронхтың және өкпенің қатерлі ісігі жағдайында, мысалы, темекі – оқиғалардың 90%-нда өлімнің негізгі себебі. Шылым тартудың таралу деңгейінің 2007 жылғы 22,7%-дан 2019 жылы 17,5%-ға дейін төмендеуіне қарамастан, әлемде шылым тартушылар саны халық санының өсуіне байланысты өзгеріссіз қалды – әлемде шамамен 1,3 миллиард адам шылымқор.
ШЫЛЫМ ТАРТУ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІҢ ЖАНУЫ
Дүние жүзіндегі кез келген басқа алдын алуға болатын өлім себебінен гөрі шылым тартудан көп адам өледі. Жыл сайын темекі тұтынудан шамамен 8,7 миллион адам қайтыс болады, денсаулық сақтау шығындары мен еңбек өнімділігінің азаюы салдарынан 1,4 триллион долларға дейін жоғалады. Темекі шегу құрбандарының көпшілігі (7,4 миллион) шылымқорлардың өздері, бірақ тағы 1,3 миллион өлімге пассивті шылым тарту себеп болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы репродуктивті денсаулықты аурудың жоқтығы ретінде ғана емес, «толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы» деп анықтайды. Бұл адамдардың қауіпсіз және жағымды жыныстық өмір сүруін, балалы болуын, сондай-ақ бұл ретте қашан, қаншалықты жиі жыныстық қатынасқа түсу керектігін және онымен мүлде айналыспау керектігін таңдау еркіндігін білдіреді. Зиянды әдеттер репродуктивті денсаулыққа теріс және өте күшті әсер етеді, адамдардың өздерінің де, ұрпақтарының да жалпы хал-жағдайын нашарлатады.
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ
Әйелдің хал-жағдайы оның балаларының денсаулығына тікелей әсер етеді. Тойып тамақтанбаған анадан нәрестенің салмағы төмен болып туылу қаупін және оның ересек жаста жұқпайтын ауруларға осалдығын арттырады.
Жақындағы зерттеулер әлем халқының шамамен 31% денелерін сау ұстау үшін жеткілікті қозғалмайтынын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектерге аптасына кемінде екі жарым сағат физикалық белсенділікпен айналысуды ұсынады. Балалар одан да көп, кем дегенде күніне бір сағат қозғалуы керек. Салмағын сақтауды немесе азайтуды қалайтындар көбірек күш салуы қажет болуы мүмкін. Жаяу серуендеу, велосипед айдау, жүзу, спорт, белсенді демалыс пен ойындар – осылардың барлығы денеңізге қажетті жүктеме салудың тамаша жолдары.
ЖЕТКІЛІКСІЗ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК
Қауіп факторлары
Қазіргі уақытта адам денсаулығына ең үлкен зиян келтіретін мыналар:
Алкоголизм – ауыр ауру, ал алкогольді үнемі тұтыну адам ағзасының барлық жүйелеріне жаман әсер етеді және денсаулықтың ауыр зардаптарына әкеледі.
Алкоголь
Алкоголизм – ауыр ауру, ал алкогольді үнемі тұтыну адам ағзасының барлық жүйелеріне жаман әсер етеді және денсаулықтың ауыр зардаптарына әкеледі.
Алкоголь
Соңғы бірнеше онжылдықта халықтың тамақтануы көп өзгерді. Дұрыс емес, үйлесімсіз тамақтану көптеген ауыр ауруларды тудырады.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУ
Эмоциялық және психологиялық бұзылыстар өмір сүру сапасын нашарлатады, мотивацияны төмендетеді және салауатты өмір салтын ұстануға бейілділікті азайтады, эмоциялық салаларға және жалпы көңіл-күйге әсер етеді.
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 5 миллионнан астам адам шылым тартудан болатын аурулардан өледі. Шылым тарту – жай ғана жаман әдет қана емес, бұл қауіпті тәуелділік.
ШЫЛЫМ ТАРТУ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІҢ ЖАНУЫ
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ
Дұрыс емес өмір салты, нашар тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік қолайсыздық салдарынан жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығы талай жақсартуды талап етеді.
Физикалық белсенділіктің аздығы – жұқпайтын аурулардың негізгі қауіп факторы және дүние жүзінде ерте өлудің маңыздылығы бойынша 4-ші негізгі себебі.
ЖЕТКІЛІКСІЗ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК
Физикалық белсенділіктің аздығы – жұқпайтын аурулардың негізгі қауіп факторы және дүние жүзінде ерте өлудің маңыздылығы бойынша 4-ші негізгі себебі.
ЖЕТКІЛІКСІЗ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК
Тексерілу және зиянды азайту жөнінде кеңес алу
Өтінім қалдырыңыз да, мыналарды алыңыз:
Персоналды консультациялық чекап
Зиянды азайту бойынша ұсыныстар
Дұрыс тамақтану өнімдеріне сертификат
Фитнес залына абонемент
Зиянды Түсіру қауымдастығының Сарапшының тереңдетілген кеңесі
Жүлделер ұтысына қатысушы болыңыз:
Сообщение об успешной отправке!
Сарапшыларымыз не дейді?
Кәсіпқойлар командасы өздерінің және әлемдік тәжірибеден алынған ғылыми деректермен бөліседі. Біз ынтымақтастыққа медицинаның әртүрлі салаларынан жаңа сарапшыларды үнемі шақырап отырамыз.

Ғылыми материалдар

Олар зиянды азайтуда
Біз көмектесу үшін осындамыз
Өтінім қалдырсаңыз, сарапшыларымыз денсаулыққа зиян келтіруді азайту жөніндегі персоналды ұсыныстар дайындайды.
©️ 2020 - 2021 «Адам денсаулығына қауіп факторларының зияндылығын азайту жөніндегі «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы» ЗТБ